ru kz

Туған күнге арнау

Туған күнге арнау


Алдына сап аялаған арманын,

Ақ ниетпен атыратын таңдарын,

Бір-ақ жылда өркендетіп ұжымды

Туған күнін тойлаудасыз «Орданың»!


Биіктерге жетелейтін мақсатың,

Шыға берсін әрдайым да жақсы атың,

Өзіңіздің қолыңыздан келеді,

Өзіңіздей еңбектенер басқа кім?!


Бағы ашылып әр жобасы «Орданың»

Көпшілік те бұл пікірді қолдасын.

Ортақ болып оқырманмен ойымыз,

Құтты болсын, көпке ортақ тойымыз.


Алтын адам шығардыңыз бұл елден,

«Алтын ұя» - отбасының киесі,

Қазақ деген таңғажайып ұлы елден

Сөз дегенің тауып жатар жүйесін.


Өзіңіз ғой ізгіліктің арнасы,

Ана әлемі – дара әлемі мен үшін,

Әлі талай жобалардың жалғасы

Бола берсін, бола берсін ел үшін!


                                                        Дәулет Қырдан

31 январь 2018 г. 3 145