ru kz

Меценаты Казахстана

      
     Құрметті оқырман! Сіздерге меценаттар қатарына енген, бойындағы асыл қасиеттері және игі істері арқылы дараланған тұлғалармен таныстыратын «ҚАЗАҚСТАН МЕЦЕНАТТАРЫ» кітабын ұсынамыз.
     Мұндай адамдар үшін басты қозғаушы күш – адамгершілік пен рухани құндылық. Қоғам әрқашан жанашырлық пен мейірімділіктен құралған бастамаларды жоғары бағалап, белсенді түрде қолдайды.
     Бұл кітапта жарқын тұлғалар туралы баяндалады. Соның ішінде, қоғамда ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан, басқалардың тағдырына бейжай қарамайтын, ғылым мен білім беру саласындағы, денсаулық сақтау ұйымдарындағы, жалпы қоғамды ізгілендіруге ерекше атсалысып жүрген тұлғалар жайында сөз етіледі.
     Бүгінде меценат –өнер мен ғылым қайраткерлеріне ізгілендіретін, серпін беретін адам. Бұл адамдар қайырымдылық қорларының негізін құрайды, түрлі өнер жобаларына шәкіртақылар (грант) береді, сондай-ақ дарынды, талантты адамдар үшін номинациялар мен конкурстар тағайындайды. Осындай тұлғалардың арқасында ғылым мен өнер саласы қарқынды дамып, алға жылжуда және керемет үлгі болып табылады. Өйткені, олар өздерінің алдарына жоғары мақсат жүктеп және оны өз жүректерінің қалауымен еш ақысыз жасайды.
     Кітап –бұл қоғамдық игілікке толы мұра. Сіз оны ұрпақтан-ұрпаққа адамгершілік пен рухани құндылықтардың құнды жәдігері ретінде бере аласыз.
10 июнь 2022 г. 1 596