ru kz

Student's time

 

       2019 жыл – қазақстандық жастар  үшін ерекше жыл. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезекті Жолдауында: «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Ұлт көшбасшысы жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды  басты назарда ұстайды. «Ел ертеңі – білімді жастар» деген парасатты пайымдауында,  бүгінгі жастарды бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді. Жастарды қолдау – жарқын болашағымыздың кепілі.

       Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде төл тарихымызды жетік меңгеру және қадірлей білу – ел  болашағының мызғымас кепілі екендігін ерекше атап көрсетті.

       Бағдарлама аясында көрсетілген ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, «Оrda.kz» республикалық баспа үйі жаңашыл жастарымыздың ынта-жігерін қолдау, шығармашылық қабілетін дамыту, игі істерін кең көлемде насихаттау мақсатында дарынды жастарға арналған «Student’s time, Студенческое время, Студенттік шақ» республикалық журналын үш тілде шығаруды қолға алып отыр.

       Спорттың барлық түрінен, жеке шығармашылығымен танылып және ғылыми-техникалық жобалар арқылы өз қабілеттерін, өнерлерін көрсетіп жүрген жастар – біздің журналдың басты кейіпкерлері.

       Ұлт болашағы – білімді жас пен білікті ұрпақтың қолында. Баршаңыз осы игі бастамаға   қолдау білдіреді деп сенеміз.

04 май 2019 г. 1 781