Менің анам - алтын
Ана – өмірдің бастауы, сарқылмас бұлағы. Ұлы деген суретшінің өзі үздік картинасына ана бейнесін салса, отыз тістен шыққан сөзі отыз рулы елге тараған ақынның да алғашқы өлең жолдарында ана мейірімі жатыр. Ең үздік әннің өзі «Анашым» деп аталса, ана тұлғасына тау көтерген Толағай да бас иген. Өмірдің нарқын азаматтың намысымен өлшесек, жау алдында басы кетсе де тізе бүкпенен азаматының да тізесі ананың алдында ғана бүгілген. Өмірде бір