ru kz

Жаңа газет "ПАРЫЗ"

 
      Ғасырлар даналығы, ұлттық мәдениет, тіл және халық дәстүрлерінің байлығы бізге ата-бабаларымыз арқылы жеткізілді. Біздің ата-анамыз, ата-әжелеріміз, олардың ұлы бабалалары арқылы, бізге берілгеннен басқа құнды ештеңе жоқ. Ата-аналарымыз бізге өмір сыйлады, оларға құрмет, сүйіспеншілік пен көңіл бөлу бізді күнделікті өміріміздің бөлінбейтін бір бөлшегі іспетті.
      Біздің әрқайсымыз аналарымыз бен әкелерімізді, ата-әжелерімізді мақтан тұтамыз және көпшілігімізде олар туралы айтарымыз көп екені даусыз шындық. Кез келген адам үшін өз отбасының тарихын білу – үлкен мәртебе, ал аға буынға құрмет көрсету – касиетті парыз.
      Еліміздегі аға буын туралы, мемлекет тарихын құрған, халықтың рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан ата-бабаларымыз туралы қазақстандықтар үшін арнайы жасалған ерекше газетіміз құрылғаны туралы куана хабарлаймыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз осы газет басылым арқылы өз ата-бабаларыңыз туралы, Сіз мақтан тұтатын тұлғалар туралы, ұрпақтар сабақтастығын сақтаған адамдар туралы айта аласыз.
      Біз аймақтардың, ауылдардың, қалалардың және облыстардың ең құрметті адамдарының есімдері тарих үшін қаншалықты маңызды екенің жақсы түсінеміз және Сіздерге әулеттеріңіздің елге сайлы ақсақалдары мен абыройлы азаматтары туралы әңгімелеудің ерекше мүмкіндігін ұсынамыз. Еліміз олардың есімдерін білуі тиіс! Осыған келісемісіз?!
22 май 2020 г. 1 492