ru kz

Алтын ұя




    Сыр - Алаштың анасы болған қара шаңырақ. Бұл - көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған - Қызылорда. Қазақтың байтақ даласына қарап Тәңірінің өзі қазаққа  пейіліндей дархан, көңіліндей кең атырапты сыйға тарта салған-ау деп тамсанасың. Алтай мен Алатаудың арасын алып жатқан құлан даланың қай тұсын болмасын, Жерұйық дерсің...Сыр елі де - сырлы да жырлы қасиетті мекен.
    Түгін тартсаң майы шығатын Сырдария өңірі талай біртуар перзенттерді дүниеге әкелген. «Орда.кз» бас-па үйінің бастамасымен жарыққа шығып отырған «Алтын ұя» ақпараттық-таныстырылым альманағында осы өлкенің арда азаматтарының өмірі мен тыныс-тіршілігі жайлы мәйекті жазылған.
    Алтын ұя... Әрбір жанның жарық дүние есігін ашқанда, қорғаныш болар, күннің ыстығы мен суық ызғарынан сақтаған, жүректе әркез жылу оятар, өніп-өскен ұяның ғасырлар бойы құнын жоғалтпаған, байлық пен дәулеттің белгісіне айналған ең бағалы алтын атауына теңестірілуі тегін емес.
    Алтын ұя – ел тұтастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміздің тұрақтылығы мен алып бәйтеректей жапырағын кеңге жайып, кемелденіп, өсіп-өркендеуі де алтын ұядан түлеп ұшқан алтын жүректі перзенттеріміздің үлесінде. Отбасылық жәдігер ретінде ұзақ жылдар бойы сақталар «Алтын ұя» ақпараттық-таныстырылым альманағында жарық көрген ұлағатты тұлғалар, өскелең ұрпаққа өнімді өнеге берер өмір жолымен, парасаттылығымен күллі адамзат қоғамының тыныштық пен берекеде өмір сүруі үшін үздік үлгі көрсетері сөзсіз.
13 июль 2017 г. 2 959