ru kz

Аманкелді Міндетбаев. Түркістан қаласы. 15.03.2023 ж.

Құтты болсын «Эдельвейс» Астана!


Қадам басып кеше жүрген жас бала,

Толған екен жеті деген жасқа да.

Құтты болсын киелі сан, ағайын,

Баспа үйі «Эдельвейс» Астана!

Әр саланың үздіктерін іздеген,

Барлығын да түгел етіп жүзбенен.

Көбейсін деп елімізде үздіктер,

Таныстыру жариясын үзбеген.

Жинап алып еліміздің мөлдірін,

Жайыпсыздар солар үшін төр бүгін.

Таба біліп азаматтар асылын,

Еліңменен өркендесін ерлігің.

Қадір менен қасиетті жинаған,

Елімізде көбейсінші сыйлы адам.

Құтты болсын мына шыққан төріміз,

Жеті жасар «Эдельвейс» сыйлаған.

Ескерткіштей естен кетпес еңселі,

Ұнатады ұрпақтарым тек сені.

Білер екен алыс-жақын жақсылар,

Ұмытпастай болды бүгін ел сені.

Тілектеспіз ұзақ ғұмыр баспаға,

Жасай берсін «Эдельвейс» Астана!

Сіздерменен еліміздің үздігі,

Тарих боп сақталады таспада.


Аманкелді Міндетбаев

Түркістан қаласы

15.03.2023 ж.

26 июнь 2025 г. 7