ru kz

School time № 1

 

Қадірлі оқырман!

     Қолыңызға алып отырған ұстаздар мен оқушыларға арналған «Мектеп уақыты» («Школьное время», «School time») журналы – білім саласы қызметкерлерінің төл басылымы. Адамзат баласы басын иетін ұлы мамандық иелері мен елдің болашағы саналған шәкірттер қауымының шығармашылығын дәріптейтін бірден-бір журнал болып табылады. Бұл бастама Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел мүддесі жолындағы «Үш тұғырлы тіл» саясатының негізінде қолға алынып отыр.
     ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Жаңа технологияның дамыған дәуірінде әрбір мұғалім мен шәкірттің шыңдалатын тәжірибе алаңына айналмақ. Басылымның ішінде Қызылорда қаласындағы әрбір білім ошағында болып жатқан жаңалықтар мен таланты тас жаратын дарынды шәкірттердің шығармашылығы жарық көретін болады. Алаштың зиялы қауым өкілі, ақын М.Жұмабаев «Алты Алаштың баласының басы қосылса, төрдегі ең құрметті орын мұғалімге тиесілі» деген еді. Бұл басылымның да төрі алты Алаш бас иіп, құрмет тұтатын мұғалімдерге тиесілі.
     Мектептің жүрегі саналатын адамзаттың ұстаздары елдің келешек тізгінін ұстар азаматтар тәрбиелеп отыр. Демек, бұл – олардың міндеті ғана емес, елдік мүддені кеудесіндегі мақтаныш отымен астастырып, даналық иірімдеріне жол салар дана тұлғалардың қызметі тұтас қоғамға бағытталады.
Құрметті ұстаздар!
     Өздеріңіздің төл басылымдарыңызға айналар «School time» журналы ілім мен білімнің, ғылымның сара жолына бағыт көрсетер, тұтас қазақ еліндегі ұстаздар қауымының басын қосар, шәкірттер арасындағы ынтымақтастық, татулық, білім жолындағы бәсекелестікті жолға қойып отыр.
      Оқыңыз. Жазыңыз. Қараңыз. Бұл – Сіздің журналыңыз!
13 июль 2017 г. 3 802