Лучшие женщины Казахстана
В нашей книге «Лучшие женщины Казахстана» мы расскажем о самых успешных женщинах Казахстана. Можно ими бесконечно восхищаться. А можно – учиться на их ошибках и вдохновляться их опытом. Истории жизни успешных женщин порой увлекательнее любого романа. Когда читаешь их биографии, невольно ассоциируешь себя с ними и постоянно задаешься вопросом: если она смогла, может быть, смогу и я? Чтобы у вас точно все получилось, мы подготовили этот выпуск книги «Лучшие женщины Казахстана», посвященный успешным женщинам нашей страны.
Чтобы узнать, как успешные женщины стали успешными, важно понять главное: успешность и успех не одно и то же. Успешность – это возможность оценить результаты своей деятельности и почувствовать удовлетворение. Этого под силу добиться каждой женщине, уверенной в себе. Однако нельзя путать уверенность с завышенной самооценкой. Только оценив реальные достижения и их ценность, можно понять, как действовать дальше.
Также женщины хорошо проявляют себя и на государственной службе, в творчестве, в спорте и во множестве других сфер социальной жизни страны.
В нашей книге успешные женщины расскажут о своей истории, пути становления, о своих победах и неудачах. Ну и, конечно же, о том, как все начиналось, о своих семьях. Наши читатели получат ответ на вопрос: «Какой должна быть современная успешная женщина?» Героини книги поделятся своим опытом, исходя из которого можно узнать, что достичь своей цели помогут такие качества: способность действовать решительно, умение принимать свои неудачи и двигаться дальше, способность мыслить и оценивать себя.
За последние 25 лет женщины Казахстана научились быть открытыми миру. Стали свободнее, смелее, лучше понимают, чего хотят. Осознали, что женщины существуют не только для того, чтобы быть рядом с мужчиной и держать его за руку. И усвоили простое правило - если вы не поверите в себя, никто не поверит. Свободное мышление, восприимчивость ко всему новому, стремление узнать больше - только сформировав в себе все эти качества, можно рассчитывать на успешное развитие и достижение своих целей.
Алып анадан туады
Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні әйелде.
Шын мықты болсаң егер де,
Әйелге барып дәлелде.
Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Әлемнің мәні – әйелде,
Әйелдер мәңгі жасасын!
Жүрсін Ерман, ақын
Тарих толқынына көз жүгіртсек, ата-бабамыз «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» ел қорғап жүрген сонау жаугершілік заманның өзінде әйелді ерекше құрметтеген. Қызын төрге отырғызып, «жат жұрттық» деп сыйлаған. Қырық үйден тыйып отырған. Дәстүрін дәріптеген туған ел бұл үрдісінен әлі де болса жаңылған жоқ. Қазір қыз-келіншектер қоғамның барлық салаларында еңбек етіп жүр. Әйелдің мойнына қамыт болып артылған міндет – тек өмірге бала әкеліп, ерінің көңілін табу емес. Қазір оларды қоғамның барлық саласынан кезіктіруге болады. Ерлермен қатар иық теңестіре жүрген олардың арасынан саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, шәкірт тәрбиелеген мұғалім, ақ халатына дақ түсірмеген дәрігер, тасын өрге домалатқан кәсіпкер, ұжымның ауызбіршілігін сақтаған басшы, ел алдына шығып, туған жерін дамытып жатқан әкім, сондай-ақ, нәзік жанымен қоғамның тыныштығын күзеткен құқық қорғаушыларды да кездестіре аласыз. Міне, «Лучшие женщины Казахстана» деп аталатын бұл бастама – алдыңғы шепте көрініп жүрген әйелдер жайында болмақ.
Алып та анадан туады. Қазақтың барт ақыны Табылды Досымов айтпақшы, «біздің қыр-
да төбешіктей аналар, дүниеге таудай ұлдар әкелген». «Ана» атты ұлы ұғым – қашан да биіктен орын алмақ. Бұл ретте, біздің бастау алып отырған бастамамыз – елдегі беделді нәзікжандыларды жұртшылыққа таныстыруды көздейді. Олардың ел үшін еткен еңбегі мен ерге бергісіз қажыр-қайратын, күш-жігерін сөз ететін боламыз. Айдарынан жел ескен ақжолтай жаңалығымызды қалт жібермей, назарында ұстап, жинағымызға енген жандардың әрбірі – қоғамнан өз орнын ойып тұрып алған беделді жандар.
Ендеше, таныса отырайық, ағайын! Қолыңыздағы құнды жәдігер – анасын Меккеге үш мәрте арқалап барып-қайтса да, қарызынан құтыла алмайтын қазақтың қайсар қыздары жайлы болмақ.
«Orda.kz» баспа үйі