ru kz

Қазақстанның үздік колледждері


      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жыл сайын білім алушылар контингентін көбейтуде және жастар арасында көп танымал болуда. Сондықтан еліміздің үздік колледждерінің рейтингін жасау мектеп түлектеріне қай оқу орнына түсу, қандай мамандықты таңдау керектігі жөнінен ақпарат беру жағынан көмекші құрал іспеттес. Жарыққа шыққалы отырған “Қазақстандағы ең үздік колледждер” кітабы еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан, сан мың шәкірттің еңбек жолына қадам басуына себепкер болған, іргелі оқу орындары мен білікті әрі білімді ұстаздары жайында сөз болмақ. Естелік ретінде жарыққа шыққалы отырған кітап сапалы әрі ерекше дизайнмен әрленген. Басылым әрбір колледждің кітапханасында өз шәкірттерімен мақтанған ұстаздарымен “тұлға” ретінде қалыптастыра білген “ұстазға” алғыс жылы лебіздерімен сақталуы тиіс. Кітап болашақ мамандығына таңдау жасағалы отырған талапкерлер үшін таптырмас көмекші құрал болмақ.

11 сәуір 2023 г. 819