ru kz

Қазақстанның Алтын кітабы



      Ел іргесінің  берік қалануы, әр бастаған бастамасының нәтижелі болуы – әрбір перзентінің іс-әрекетімен өлшенбек. Игілікті істердің ұйытқысы болып жүрген, тіршілігіне кісі қызығар, пайым-парасатына жан сүйсінер текті тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, рухани болмысы биік, жастарға үлгі боларлық ғибраты мол, болмысы биік, халқымыздың мақтанышына айналған жандар  туралы қанша мақтау айтсақ та жарасады емес пе?! Елге қызмет етіп, биік белеске көтеріліп, жетістікке жеткен жандарды бір жинаққа топтастырып, ұлы тұлғалардың болмыс-бітімін, еңбегін  кейінгі ұрпаққа ұсынсақ, нұр үстіне нұр болары анық.

     Елге еңбегі сіңген жандарды кейінгі ұрпақ есінде сақтауы тиіс. Осы бағытта Республикалық «Оrda.kz» баспа үйінің әр аймақтың шоқжұлдызындай болып жанып, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беріп келе жатқан асыл жүректі жандар туралы «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясы – негізгі  салалардың барлығын қамтиды.

     Өз өңірінің экономикасын өркендетуге сүбелі үлес қосып, жауапкершілік жүгін арқалаған, билік басындағы тұлғалар туралы айтылар ой «Билік келбеті» тарауында, «Мемлекеттік мекемелер» бөлімінде азаматтық ұстанымы мен адамдық асыл қасиеттерімен ерекшеленетін мемлекеттік қызметкерлер жайлы жазылады.

     Гиппократ антын берік ұстанған әрбір дәрігер қызметі  «Медицина – біздің қорғанымыз» бөлімінде  баяндалады. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» деп, шәкірттің санасына сәуле шашып, болашаққа жол сілтеп, бағыт беруші білікті ұстаздарымызбен мақтанамыз. «Ана – өмір шуағы». Бұл пікірмен бәріміз келісеміз. «Батыр ана» атағы Қазақстанда көп баланы өмірге әкелген аналарға беріледі. Әрбір ана  құрмет пен марапатқа лайық екені сөзсіз. «Спорт – достық мекені», сонымен қатар шекарасыз достық әлемі. Қазақ атын әлемге танытып жүрген спортшыларымыз, денешынықтыру және спорт саласының мамандары – халық игілігіне қызмет етушілер.

     «Экономика – тіршілік негізі» екені ақиқат. Экономика және бюджеттік жоспарлау саласының мамандары – мемлекеттің қан тамыры тәріздес. «Кәсіпкерлік – ел экономикасының қайнар көзі». Кәсіпкерлікті тәжірибе арқылы меңгерген жандар – ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар. «Ветеринария – халық денсаулығының кепілі». Адам денсаулығына зиян келтірмеуін қамтамасыз ету бағытында тынымсыз еңбек ететін ветеринар мамандарының рөлі ерекше екені айтпаса да түсінікті.

      Мұнай-газ саласының стратегиялық маңызын сақтап қалу – негізгі міндеттердің бірі.  «Мұнай саласы» тарауы жаңа технологиялар ғасырындағы мәртебесі биік мұнайшылар бейнесін сипаттайды. «Архитектура, сәулет өнері» – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Құрылыс шеберлері мен сәулет өнерінің майталмандары, мемлекеттік сәулет-құрылыс саласы  жайында танып-білесіз.

      Бүгінде республикамызда сыртқы және ішкі туризмді дамыту ісіне айрықша көңіл бөлінуде. Еліміздегі туризм саласын ұйымдастыру ісінің кәнігі шеберлеріне арналған тарау «Туризм – экономиканы дамытудың бір тұтқасы» деп аталады. Қазір энергия көздерін дамыту ісіне де көп көңіл бөлініп отыр. «Энергетика – маңызды сала» – энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тәжірибелі мамандарына арналады. «Күре жолдар – экономиканың күретамыры» жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  халықтың  күнделікті тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты жасалып жатқан игі іс екені сөзсіз.

      Мемлекеттік деңгейде табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері туралы  «Табиғатты қорғау – басты борышымыз» деп аталатын тарауда жазылады.  «Жер – байлықтың көзі» – Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ететін мамандар туралы сипатталады.

      Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру жұмыстары  «Еңбек түбі – зейнет» тарауында сипатталады. Еңбек заңнамасын бақылау, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру «Еңбек ет те, міндет ет» тарауында кеңінен таратылады.

     «Мәдениеттің алтын бесігі» ата-бабаның киелі өнерін әлемге паш етіп жүрген өнер майталмандары, атақты әншілерге арналған. Архивтер мен құжаттамалар басқармасының білікті қызметкерлері туралы да осы бөлімде жазылады.  «Қазақстан болашағы» деп аталатын тарауда «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шығып, өздерінің білім бәйгесінде, өнер әлемінде, спорт көгінде ерекше қабілетімен танымал болып,  жеңіс туын желбіреткен жеңімпаз, шығармашыл жастарымыз туралы жазылмақ.

      «Қазақстанның Алтын кітабы» – бойындағы қабілетін ізденіске, қажыр-қайратын, еңбегін ел игілігіне арнаған алтын жүректі, есімі ел есінде, еңбегі кейінгі ұрпаққа қалуы тиіс тұлғаларды бір жинаққа топтастырған, тек үздіктердің үздігі енетін, республика бойынша ешқандай баламасы жоқ, өзгеге ұқсамайтын, өзіндік айтары бар бірден-бір басылым.

03 қазан 2019 г. 30 533