ru kz

Қазақстан ауыл шаруашылығының Алтын кітабы

 

       Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуының барлық бағыттары сала-сала бойынша айқын көрініс тапқан. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласының өркендеуі – мемлекеттік үлкен маңызға ие.

        Ауыл шаруашылығының  дамуы – ел экономикасының негізгі қозғаушы күші. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатының жақсаруының кепілі. Осыны ескерген Елбасы әрбір Жолдауында агросаланың  өсуіне,  отандық және шетелдік нарықты бағындыруына аса мән беріп нақты, тапсырмаларды белгілеп келеді.  Ауыл шаруашылығы  бағытында өндірілген өнімдердің нарыққа өтімді болуына білікті мамандар мен мекеме басшылары да күш салуда.

       Қара жерден несібесін тауып, жылдың төрт маусымында далада мал өсірген, егін егіп, кетпен шапқан қазаққа агросала әлбетте жақын. 

       Ішcе сусын, жесе тамақ, кисе киім болған төрт-түлікті жазық далада көбейтіп бір  уыс дәннен  ырыс жиған қазақ халқы қашанда еңбекке жақын. Бүгінде ата кәсіпті жалғастырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан осы бір қадірлі істің өкілдері еліміздің түкпір-түкпірінде табанды еңбек етіп жүр. Маңдай терімен жауапкершілігі де берекесі де мол істе  талай ілкімді жұмыстарды атқарып жүрген қызметкерлердің  ерен істерін  көпке таныту  абыройлы міндет.

       Осы орайда, республикалық деңгейдегі кітап-журналдарды шығаратын «Оrda.kz» баспа үйі «Қазақстан ауыл шаруашылығының Алтын кітабы» (Золотая книга сельского хозяйства Казахстана) атты ауқымды жобаны қолға алды.

Кітаптың мақсаты – ауыл шаруашылығы  секторында жемісті еңбек етіп, Отанының гүлденуіне, ел экономикасының қарыштауына өзіндік үлесін қосудағы  орны ерекше қызметкерлерді, білікті басшыларды бүкіл Қазақстанға таныту.  Аграрлық сала майталмандарының жарқын істерін көпке үлгі ретінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында насихаттау.

18 қаңтар 2019 г. 3 110