ru kz

Қазақстанның білім беру саласының Алтын кітабы




     «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» дегендей, жаңа технология ғасыры – білектінің емес, білімдінің дәуірі. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» деп, шәкірттің санасына сәуле шашып, болашаққа жол сілтеп, бағыт беруші білікті ұстаздарымыз күн санап артып келеді.

    Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын жас ұрпақ бойына дарыту. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз – рухани сәулеткер, тағылымды тәрбие беретін бірден-бір ұлы тұлға. Тынымсыз еңбегіне сай лайықты сый-құрмет көрсетіп, ұстазын ұлықтаған елдің мәртебесі биік, мерейі үстем болмақ.

     Заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздар мен тәлімді тәрбиешілер – еліміздің кез келген білім ордасында еңбек етуде. Республикалық «Орда.kz» баспа үйінің бастамасымен «Қазақстанның білім беру саласының Алтын кітабы»«Золотая книга образования Казахстана» (екі тілде) энциклопедиялық жинағын жарыққа шығару жоспарлануда.

   Мақсатымыз – саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнап келе жатқан білім беру ісінің майталмандарын қалың көпшілікке таныстыру, олардың іс-тәжірибесін насихаттау.

24 желтоксан 2018 г. 3 450