Менің өмірім
Өнер – тіл немесе дін, ұлт немесе жас талғамайтын, бойында жылт еткен ұшқынды жалынға айналдыра білген, қабілет пен еңбексүйгіштікті, төзімділік пен тегеурінділікті қару етіп асынған, тамырында тектіліктің қаны айналып жатқан талантты жанның аттайтын алтын босағасы. Ғасыр өтсе де ғұмырлығын жоймайтын, алыстаған сайын шоқтығы биіктей түсетін өнер адамы жайлы қанша жазсақ та, аздық етпейді. Өйткені олар анадан туып, әкенің тәрбиесін алып, ата шапанының етегін басса да, бойындағы ерекше таланты мен дарынын халыққа арнап, адамзаттың баласы бола білді.
Кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор, Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері – Әшімов Асанәлі Әшімұлы да бас иіп, құрмет көрсетіп, қол шапалақтап, сахна төріне шығаратын, кино мен театрдағы сомдаған рөлі түгілі, өмірінің өзі аңыз тұлға жайлы айтып, жазып, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің парызымыз!
Сағат тілін самалымен тербеген уақыт желі есіп өте шығады. Бірақ ел есінде қалған, өнерімен тәнті еткен, мәдениеттің дамуына өз үлесін қосқан тұлғаның есімі мен өмірі, жетістіктері ел есінде мәңгілікке сақталып қалмақ. Тек таланттылар ғана шығатын «Өнер» деп аталатын асқаралы Алатаудың бір шыңында есімін жазып қалдырған, жүздің емес мыңның, мыңның емес жүз мыңның біріне ғана Жаратқан тарту ететін ерекше қабілетті бойына сыйдырған мәдениет майталманы Асанәлі Әшімовтің өнегелі өмірі туралы жазылған «Менің Өмірім» көркем туындысы «Орда кз» баспа үйінің аналогы жоқ, жаңа идея, жаңа формат, жаңа із.
Бұл кітапта Асанәлі Әшімұлының да жарық дүниеге келгеннен бастап, балалық шағы, білім алған жолы, өнердегі қиыншылықтары мен жетістіктері, шығармашылығы, араласқан ортасы, біртума тұлғаның оқырманға беймәлім қырлары мен сырлары, кісілік келбеті мен адами болмысы толық баяндалады.