Предки
Молодежь, рожденная и выросшая в годы становления казахстанской независимости, завтра станет оплотом мира и созидания, будет примером для будущего подрастающего поколения, оставит великое наследие. Для них всегда будет на особом месте душа народа,необходимость сохранения национальной духовности и культуры, потому как без них не может быть никакого возрождения.
В этой книге мы расскажем о представителях интеллигенции, которые вложили все свои умения, навыки и знания в укрепление традиций своего народа и внесли значительный вклад в развитие страны.
Барлық жағдайын жасап, өмірден өз орнын тауып, белді қызметке орныққан жас жігіт әкесіне келіп: «Мені өсіріп, жеткіздіңіз. Адам қылдыңыз. Сіздің арқаңызда осы жетістіктерге жеттім. Қарызымды қайтарғым келеді», – депті. Әкесі бұл нәрсенің мүмкін емесін жеткізсе де, әлгі жігіт курортқа, шет елге саяхатқа жіберетінін, тіпті, қаржылай қажет болса, олай да өтей алатынын жеткізіпті. Шалғай ауылда тұратын қамкөңіл қария баласын шақырып алып, қолына немересінің добын ұстап, ауыл сыртындағы төбенің басына барыпты. Баласы аң-таң. Төбе басында екеуі отыра кетіп, әкесі допты төмен сырғытып жіберіп, баласына әкелуін сұрайды. Осылай бірнеше мәрте қайталаған соң, бала ашуға булығып: «Әке, мазақ етіп отырсыз ба? Мұныңыз не?» – дейді. Сонда әкесі жымиып: «Балам, кішкентайыңда сенің сәл ғана жымиюың үшін, осы допты төмен қарай қанша рет сырғытсаң да, жүгіріп әперуші едім. Есіңде ме?» – дейді. Әлгі жігіт қатесін түсініп, ата-ана алдындағы перзенттің қарызы ешқашан өтелмейтініне көз жеткізіп, әкесінен кешірім сұраған екен. Иә, «Анаңды Меккеге үш рет арқалап, барып келсең де, қарызыңнан құтыла алмайсың» деп, қазақ бекер айтпаса керек-ті.
Қолыңызға алып отырған кітап – ата-ана алдындағы перзенттік парызымызды толық өтемесек те, бізді өмірге әкелген, перзенті үшін орны ерекше аяулы жандарға деген зор құрметімізді білдіретін кішкене жетістігіміз. «Предки» деп аталар құнды дүниенің Сіздің де өміріңізден орын алуына септігімізді тигізсек, ол – біз үшін де еңбектің нәтижесі. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деп, қол қусырып, қарап отырмай, сол алтынның қадірін ұғынсақ! Сізді де алда сол нәрсе күтіп тұр. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» дейді дана халқымыз. Асылында, адам баласы шыр етіп өмірге келгеннен бастап, ата-ана оның тұлға болып қалыптасуына дейінгі аралықта бар мейірім-шуағын төгіп, үп еткен желден қорғап, алақанда аялап өсіреді. Міне, осы күніміз үшін біз – алдымыздағы ата-анамызға қарыздармыз!
Әлемді жаулап алмақ ниетпен талай жорықта жауынгерлердің қанын суша төккен Александр Македонскийдің өзі: «Ата-анам маған өмір сыйлады, ал ұстазым Аристотель сол өмірді қалай сүру керегін үйретті», – деп, әр адам үшін өмірде жоғары маңызға ие жандардың кім екенін ерекше атап көрсетеді.
Бәзбіреулер әлемдік деңгейдегі тұлғаларға еліктеп өседі. Сол адамдардай биікті бағындырып, өз мақсатына жетуді қалайды. Білесіз бе?! Әрбір адам үшін өмір мектебі – отбасы, сол мектептің ұстаздары – ата-анасы. Өйткені, өмір сүруді үйретіп, алдыңыздағы арман отын жағатын жан да сол – сізді өмірге әкелген жандар.
«Предки» кітабы – сіздің ата-анаңызға деген шексіз құрметіңіз бен зор махаббатыңыз. Сондықтан, парақтай отырып, өзіңіздің құнды байлығыңызды, яғни, ата-анаңызды қаншалықты шексіз сүйетініңізге ой жүгірте отырыңыз.
«Orda.kz» баспа үйі