ru kz

Баспа туралы

«Orda.kz» Баспа Үйінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

          «Orda.kz» баспа үйінің негізі 2016 жылы қаланған. Ел тарихын кітап бетіне түсіру мен елге танымал азаматтардың есімін тарихта қалдыру ісінде Баспа Үйі үлкен қызметі атқарады. Осы орайда «Orda.kz» Баспа Үйі Елбасының Қазақстан Республикасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласында  айтылған «Қазақстандағы жүз жаңа есім», «Туған жер» жобаларының негізінде жұмыс жасайды.
          Баспа үйінің алғашқы жобасы - «Орданың Алтын кітабы» туындысы. Бұл күнде Сыр өңірінде елге еңбегі сіңген тұлғаларды, алтын қолды дәрігерлер мен білікті ұстаздарды, сондай-ақ, ел болашағы болар жалынды жастарды осы жинақтың ішіне топтастырды.
Ел ішіндегі үлгілі, мерейі үстем отбасыларды жинақтаған - «Алтын ұя» жобасы. Аталмыш жоба Сыр өңіріндегі өнегелі отбасыларды елге танытуды мақсат етті. Өз кезегінде Қызылорда облысының барлық аудандары мен елді мекендерін қамтыды.
          Баспа Үйі заманауи құрал-жабдықтарды қолдана отырып, жоғары сападағы құнды дүниелерді басып шығаруда. Бұл ретте қызметкерлердің де озық ойлы, жаңаша көзқарасты мамандар болуы маңызды. Әрбір жобаның аясында ұлттық және отбасылық құндылықтарды қастерлеу, ұлыларымызды үлгі тұту идеясы тұр. Отбасылық құндылықтарды негізге ала отырып, жан-жақты талдап-таразылайтын «Шаңырақ келбеті» журналы, балалар мен жасөспірімдерге арналған еліміздің «Үш тұғырлы тіл» саясаты аясында қолға алынған «School time» атты  үш тілде жарыққа шығатын журналдарымыз көзі қарақты оқырманның сүйіп оқитын басылымына айналған.
          Бұл күнде Баспа Үйі бірқатар ауқымды жобаларды қолға алып отыр. Үнемі үздіксіз ізденіс үстінде жүретін ұжымның арманы – асқақ, мақсаты – айқын. Талай жанның шаңырағына қуаныш сыйлап, мәртебесін асқақтатқан баспа үйімен Сіз де бірге болыңыз!
13 шілде 2017 г. 4 230