ru kz

РУКОВОДИТЕЛИ ХХІ века




 

     Тәуелсіз еліміздің болашағы – мектеп. Ол – оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар болашаққа жол сілтер киелі орын. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиетін, мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз», – деген болатын.

     Халқымыз әрқашан ұстаз мәртебесін қастерлеп, аса жоғары бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деген болатын хакім Абай. Ал чехтің ұлы педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі», – деп ұстаздар қауымын жоғары баға берген.

     Мұғалім – мамандық, ал ұстаздық қызмет – табиғат дарытқан құдіретті қасиет. Қызметте білімді де білікті маман, әріптестері арасында үлгілі ұстаз, ұжымында іскер басшы атанып, ел болашағын тәрбиелеу жолында абырой биігінен түспей келе жатқан білім ордасының басшылары арамызда көптеп кездеседі.

     Ұстаз әрі басшы адамға жүктелетін міндет аса маңызды да жауапты. Осы міндеттің үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген,  алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етіп келе жатқан білім ордасының білікті басшылары жайлы Республикалық «Orda.kz» Баспа үйі тұңғыш рет «ХХІ ғасыр басшылары»  «Руководители ХХІ века» атты екі тілді жинақ шығарып, білім саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген тұлғаларды тарих беттерінде жазып қалдыруды мақсат етуде.

07 август 2019 г. 2 073