Сборник открытых уроков учителей Казахстана
Қоғам күрделенген сайын, заман талабы да жоғары. Қоғамның басты тұлғасы адамзат баласы үшін қажетті жағдай барынша тиімді жолға қойылған. Соған қарамастан, мұғалімнің алар орны да, берер білімі де бәрінен биік. Оқушылардың өмірде өз орнын табуға бастапқы бағыт беруші, тек оқушылар үшін тынбай еңбек етуші тұлға – мұғалім. Оқытудың жаңа технологиясын меңгеруі, теориялық білімді жан-жақты нұсқада үйрете алуы, шығармашылық әлеуеттің мол болуы, оған қоса әр оқушының жеке психологиясына педагогтік көзқараспен қарай алуы – басты шарт. Мұғалім талантты болса, шәкірт талапты болады
Мұғалімге сабақты қызықты өткізу қажет. Ашық сабақ – әр мұғалімнің шығармашылық жетістігі. Әрбір ұстаз бұл мәселеге ең әуелі бұрын қолданылмаған жаңа әдіс-тәсілдер енгізуі арқылы келеді. Ізденімпаз мұғалім шығармашылығының ерекше тұсы – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.
Республикалық «Орда kz» баспа үйі осындай ізденімпаз, жаңашыл, табысты мұғалімдердің оқу процесіндегі жаңалықтарын насихаттау мақсатында «Қазақстан ұстаздарының ашық сабақтарының жинағы» – «Сборник открытых уроков учителей Казахстана» топтамасын көпшілік назарына ұсынады. Бұл жинақта ұстаздардың ашық сабақтары жарық көреді.
Жинақтың ұстаздар қауымы үшін аса қажет дүние екеніне сенімдіміз!