ru kz

Золотая книга дошкольного образования Казахстана

 

       «Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру ісінің Алтын кітабы» – «Золотая книга дошкольного образования Казахстана» деп аталатын республикалық жинағымыз «Орда» баспа үйінен қалың  оқырманға жол тартпақшы.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ашылғанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қыруар іс атқарылып, талай игілікті жобалар жүзеге асты. Қазіргі таңда бала тәрбиесінің алғашқы баспалдағы саналатын бөбекжай, балабақша, мектеп-бақшалардың өскелең ұрпаққа тәлімді  тәрбие, сапалы білім берудегі рөлі ерекше екені баршаға аян.

       Жаңашылдыққа жаны құмар, заман ағымын, заманауи өзгерістеді бірден қабылдап, жаңалық атаулыны жақсылыққа балайтын, өмір көшінен қалмайтын жандар болады.

       Біздің мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, өмiрдегi орны мен деңгейi жоғары, халқы үшін терең білім, ақыл-парасатын жұмсай білетін, балалардың тәлімді тәрбиесі үшін бар ғұмырын арнап жүрген, жасаған тірлігінде нағыз бәсекеге қабілетті, ұлтының бір кәдесіне жарайтын кемел сипат айқын аңғарылатын  мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің ерен еңбегін журналымыз арқылы қалың көпшілікке насихаттау.
24 декабрь 2018 г. 2 785