ru kz

Лучшие колледжи Казахстана


      Энциклопедический сборник «Лучшие колледжи Казахстана» повествует о передовых организациях среднего профессионального образования в стране. Образование в Казахстане — непрерывный процесс воспитания и обучения, осуществляемый в целях нравственного, интеллектуального, культурного, физического развития и формирования профессиональной компетентности. Яркая, насыщенная иллюстрациями и отзывами книга «Лучшие колледжи Казахстана» это по сути сборник написанных простым доступным языком статей и очерков о работе флагманов среднего специального образования. И, несомненно, она будет полезна широкому кругу читателя, как путеводитель по профессиям, получить которые возможно в нашей стране, но, главное, сборник поможет читателю выбрать Ссуз для обучения. Несомненно, книга может стать и хорошим презентом для педагогов, учащихся и выпускников колледжей, организаций, в которых работают профессионалы, получившие образование в средне-специальных учебных заведениях. Также её полезно будет приобрести библиотекам страны.






Ақсукент көпсалалы колледжі

Заман талабына сай жаңартылған білім беру мекемесі

      Білім сағат сайын жаңарып отырған заманда болашағына үлкен қадам жасайтын жас түлекке алдымен мамандықты, сонан соң сол кәсіптің қыр-сырын меңгертетін оқу орнын таңдау – үлкен жауапкершілік. Әр талапкер өзіне ұнаған мамандықты, яғни кәсіпті болашақта білікті маман болу үшін, жеке өмірінде тұлға болып қалыптасу үшін игереді. Осы орайда сұраныстағы мамандықты таңдау бар да, сұранысқа ие маман бола білу бар. Соның екіншісі әрбір талапкерді және студентті, әсіресе түлекті толғандыратыны сөзсіз. Осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан оқу орындарының бірі – Ақсукент көпсалалы колледжі.
      Бүгінгі таңда білім ордаларының іргелі оқу орны атану жолында аянбай еңбек етіп, студенттері мен құрамындағы ұстаздардың нәтижелі жұмыс істеуін жіті назарда ұстайтынын қадағалау оқу орнының басшысына жүктелетін міндет. Аталмыш Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі, х.ғ.к. профессор, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Сайрам ауданының құрметті азаматы Қуатбекова Карамат Пердешқызы. Карамат Пердешқызының бастамасымен қазіргі таңда көптеген дүниелер жүзеге асуда. Білім ордасының ел төңірегінде сұранысқа ие болып, кәсіби маман даярлау жолында көптеген жетістіктерге жетуде.
      «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы саясатты алдына ұстанып отырып жұмыс жасап отырған Ақсукент көпсалалы колледжі ұжымы – соның бір айқын дәлелі іспеттес. Колледж 2006 жылы Сайрам ауданы орталығында Қазақстан Халықтар Достығы университетінің жанынан іргетасы қаланып, ашылған болатын. Бүгінгі таңда еңсесі биік білім ордасының құрылғанына 16 жыл толып отыр. Колледж директоры «ғылым мен білімге еңбегі сіңген құрметті қызметкері», «ерен еңбегі» және жетістігі үшін» төсбелгілері, «Алтын үкі» құрмет сыйлығының иегері, «Лидер отрасли-2015» атағының иеленген, Еуразиялық Одақ мемлекеттерінің Құрметті азаматы Қуатбекова Карамат Пердешқызының білім ордасының жандана түсуіне қосқан үлесі ерекше. Білім саласында 50 жылдан астам еңбек ете отырып, ол өзінің парасаттылығы, кішіге түсіністікпен, үлкенге ізетпен қарай білгендігі, жанының жайсаңдығы мен жүрегінің кеңдігі, іскерлік қасиеттері колледждің дамуына, көркеюіне сеп бола білсе керек. Небәрі 16 жылдың ішінде білікті басшының арқасында білім ордасы тамырын тереңге жайды.
      Колледждегі білім беру ісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Колледжде медициналық, фармацевтикалық және техникалық білім беру ісінің оқу-кәсіптік бағдарламасы Қазақстан Республикасындағы орта кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде және колледждің оқу-жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырылып келеді.

      Колледждегі оқыту мазмұны білім беру бағдарламаларының негізгі мазмұнын, студенттердің оқу жүктемесінің көлемін, сонымен қатар мамандарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін орта мемлекеттік стандарты мен колледждің оқу-жұмыс жоспарында көрсетілген талаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім беру қызметінің жиынтығынан тұрады.
      Колледжде кәсіби маман даярлау барысында білім-біліктерін аямай салып, сапалы шәкірт тәрбиелеу ісінде аянбай еңбек етіп келе жатқан 47 оқытушы қызмет жасайды. Оның ішінде ғылым докторы-1, ғылым кандидаты-1, жоғары санатты-8, бірінші санатты-5, магистр-3, модератор оқытушылар-3.
      Білікті ұстаздармен толықтырылған оқу орны өз кезегінде өзінің талапқа сай құрылған ғимаратымен де мақтана алады. Әрбір пәнге қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекілік құралдарымен қамтамасыз етілген оқу ғимараты заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізілген. Үш қабатты ғимараттың әрбір қабатындағы компьютер сыныптары, лингофон кабинеттері тікелей интернетке жалғанған. 5 мультимедиялық проектор, 6 интерактивті тақта, 16 маркерлі тақта, әрбір пән бойынша бірнеше электронды оқулықтармен жабдықталған. Колледж жанында заман талабына сай спорт кешені бар.

      Кітапхана қоры медициналық, техникалық, жалпы гуманитарлық мамандықтарға арналған оқулықтармен қамтамасыз етілген. Медицина саласы бойынша 35000-нан аса оқулықтар, электронды кітаптар, әдістемелік нұсқаулар бар. Кітапханада бірнеше компьютер тікелей ғаламтор жүйесіне жалғанған. Ғаламтор арқылы студенттер өз білімдерін жетілдіріп, дамытып келеді.
      Колледждің материалдық-техникалық базасы қазіргі заманның талабына сай мамандардың терең білім алуына толықтай жағдай жасалған, яғни, екінші қабат түгелдей медициналық мамандықтарға арналған. 14 медициналық оқу кабинеттері бар. «Хирургия», «Терапия», «Педиатрия», «Акушерия», «Фармация» кабинеттері түрлі медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылған. Ол дәрісханаларда теориялық және іс-тәжірибелік сабақтар жүргізіледі. Колледж жанында заман талабына сай бой көтерген спорт кешені бар. «Жаны саудың - тәні сау» дегендей, келешек ұрпағымыз – еліміздің ертеңі. Сол себепті, салауатты өмір салтына орай спорт кешенінде түрлі спорттық сайыстар, қазақи ұлттық ойындар, үйірмелер жүргізіледі.
      Білім беруде жаңа технология әдістерін пайдалану бойынша өз білімдерін жетілдіріп, біліктілікті арттыру курстарына әр тоқсан сайын кадрлар жіберіліп отырытындығы үлкен жауапкершіліктің көрінісі іспеттес. Колледж қабырғасында жас мамандармен тікелей жұмыс жүргізетін «Жас мамандар» мектебі құрылған. Онда бірнеше жылдан бері педагогика саласында қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі мамандар басшылық етеді. Жыл сайын жаңа құраммен толықтырылып, озат тәжірибелі оқытушылар жетекшілік жасап келеді.
      Колледж оқытушылары арасында жыл сайын білім сапасын арттыру мақсатында әдістемелік семинарлар, ғылыми конференциялар, жыл оқытушысы байқаулары өткізіліп отырады.

      Колледжде 4 бірлестік өз саласы бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Олар:
1. Гуманитарлық-экономикалық пәндер бірлестігі;
2. Жаратылыстану пәндер бірлестігі;
3. Клиникалық пәндер бірлестігі;
4. Техникалық пәндер бірлестігі;
      2010 жылы қараша айының 15-19 жұлдызы аралығында өткізілген Денсаулық сақтау министрлігінің аралық аттестаттау нәтижесі жоғары деңгейде өтті. Медициналық мамандықтар: «Мейірбике ісі», «Фармация» бөлімдері бойынша студенттердің білім сапасы төмендегідей нәтижелерді көрсетті: Мейірбике ісі -83%, Фармация -92%.
      Колледж өз шәкірттері мен маман дайындау жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың жетістігін қашанда мақтан тұтады. Кей тұстарда ұстаздардан шәкірт озып, үздік деп танылған сәттер де аз болмағандығын сөз еткіміз келеді. Колледж студенттері мен ұстаздары сайыс-додаларда бой көрсетіп, оқу орнының мерейін үстем етіп келеді. Колледж оқытушылары, студенттері аудан, облыс көлеміндегі түрлі ғылыми конференцияларға қатысып, өздерінің ғылыми ізденістерін шыңдай түсуде. Атап көрсететін болсақ, 2007 жылы Астана қаласында өткізілген «Тілім менің – тірегім» атты байқауға қазақ тілі пәнінің оқытушысы Төлегенова Бибінұр қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
      2010 жылы Сарыағаш қаласындағы Арыстан баб колледжінде өткен ғылыми конференцияға фармация бөлімінің студенті Тұрсыметова Динара қатысып, ІІ орынды иеленді.

      Ауданда өткізілген «Оралхан Бөкей» атындағы мәнерлеп оқу сайысында Көпжасарова Зағипа ІІ орынды жеңіп алды.
      2009 жылы «Халықаралық студенттер» күніне арнап облыс әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген жиында колледжіміздің студенті Қойбағарова Гулнур облыс әкімі А.Мырзахметовтың Алғыс хатына қол жеткізді.
      2009-2010 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан Құқық және Сапалық Технологиялар колледжінің 40 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Н.Жаппарова және Қ.Атабаев сынды оқытушылар өз еңбектерін жариялап, жинаққа зерттеу жұмыстары енгізілді.
      2010 жылы 27 мамырда «Заманға сай білім, озық технологияларды игеру – уақыт талабы» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысы колледждерінің студенттері арасында ғылыми конференция Онлайн жүйесінде өткізілген болатын. Конференцияға колледж тарапынан 5 студент қатысты. Олар Б.Түзелбаева – жетекшісі З. Көпжасарова, М.Маханов, Кан Валерия – жетекшісі Х.Пазаев, Ш.Исахова – жетекшісі С.Тұрсынкұл, Д.Сайдазимова - жетекшісі Х.Нурметов.
      Студенттерді белсенді түрде тәрбиелеу үшін оларды үйірмелерге, өнер және спорт саласындағы жарыстарға қатысу сынды жұмыстар жүргізілуде. «КСК (көп салалы колледж) жігіттері» КВН командасы, «Сұңқар» әскери-патриоттық клубы, «Ұшқыр» аудандық дебат клубы, «Қызғалдақ» бишілер тобы, сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін футбол, волейбол, теннистен секциялар жұмыс жүргізеді. КВН командасына тоқтала кетсек, команда құрамында колледждің талантты студенттері өнер көрсетеді. 2008 жылдан бастап команда өз өнерлерін көрсетіп ауданымыз бен облыс көлемінде колледждің атын шығарып жүр. Қазақстан КВН Одағы Республикалық Жастар Қоғамдық Бірлестігінің шақыруымен ауданымыздан біздің колледж 4-9 ақпан аралығында елордамыз Астана қаласына барып «VІ маусымашар – 2010» қазақша КВН фестиваліне қатысып, фестивальдің қорытындысы бойынша «Республикалық аймақтық лига» ойындарына жолдама алды. 2010 жылы 16 сәуір күні Қазақстан КВН Одағы Республикалық Жастар Қоғамдық Бірлестігінің шақыруымен ауданымыздан колледж Павлодар қаласына барып «VІ маусымашар – 2010» «Ертіс бойы лигасы» қазақша КВН фестиваліне қатысып, фестивальдің қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, колледждің «КСК жігіттері» КВН командасы 2010 жылы 27 сәуір күні облыс көлемінде өткізілген «Жайдарман–2009» КВН сайысына қатысып, ақтық мәре сайысында жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. 2010 жылы 30 сәуірде Сайрам ауданында Жеңістің 65 жылдығына орай өткізілген «Жайдарман» КВН сайысында колледжіміздің «КСК жігіттері» КВН командасы «көрермен көзайымы» деген номинация иегері болды.

      «КСК жігіттері» КВН командасы «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен «Оңтүстік Қазақстан Білім басқармасының» қолдауымен облыстық «Жайдарман» лигасының «Маусымашар» ойынында өнер көрсетіп, ¼ ширек финалына жолдама жеңіп алды.
      20 желтоқсанда «Қазақстан КВН» Сайрам аудандық колледж және мектепаралық «көңілділер мен тапқырлар клубының» байқауында жақсы өнер көрсеткені үшін «Ерекше жандар» КВН командасы дипломмен марапатталды.
      12 ақпанда «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» тақырыбында «Қазақстан КВН одағы» Сайрам аудандық колледж және мектеп аралық «көңілділер мен тапқырлар клубының» байқауында көрермендер көз айымына ие болып колледжіміздің КВН командасы дипломмен марапатталды.
      15-21 ақпан аралығында Елордамыз Астана қаласына барып «Маусымашар-2011» қазақша КВН фестиваліне қатысып, «Республикалық аймақтық лига» ойындарына жолдама алды.
      2011 жылы 19 қазанда «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен Республикалық «Жайдарман» орталық лигасында ½ финалдық ойында сайысқа түсті.
      Колледж студенттері 27 қазан 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы «Салауатты өмір салты – баршамызға» атты колледж аралық баскетболдан қыздар арасында өткен спорттық турнирде І орынды иеленді, ал футболдан ұлдар арасында өткен спорттық турнирде ІІІ орынды иеленді.

      Баскетболдан қыздар арасында өткен спорттық турнирде ең жақсы ойыншы деп І орынды колледж студенті Сидигалиева Кундуз иеленді.
      Баскетболдан қыздар арасында өткен спорттық турнирде ең жақсы ойыншы деп І орынды колледж студенті Байтаева Севара иеленді. Ең жас ойыншы деп І орынды колледж студенті Шакирова Насиба иеленді. Сол турнирде футболдан ұлдар арасында өткен спорттық турнирде ең үздік қорғаушы деп ІІІ орынды колледж студенті Хантаев Ибрагим иеленді.
      2009 жылдың 23 қарашасында «Тілге құрмет – елге құрмет» өзге ұлт өкілдері арасындағы мемлекеттік тілді меңгерген студенттерді көпшілікке таныту, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудан әкімшілігі өткізген байқауына колледждің «Мейірбике ісі» мамандығының ІІ курс студенті Самандарова Насиба Улугбековна, Халметова Ирода Нуриддиновна, Имамрасулова Перизат Агзамхановналар қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
      2010 жылдың 23 қараша күні «Тілге құрмет – елге құрмет» өзге ұлт өкілдері арасындағы мемлекеттік тілді меңгерген студенттерді көпшілікке таныту, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудан әкімшілігі өткізген байқауына колледжіміздің Мейірбике ісі мамандығының І курс студенті Кадиркулова Шахло Шухратқызы, Абдушкурова Севара Абдимажитқызы, ІІ курс студенттері Ирисдавлетова Нилуфар Шавкатовна қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
      2010 жылдың 8 желтоқсанында Астана қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Жеңісім – ел үшін» атты марафон эстафетаға колледж оқытушысы Сайрам ауданы бойынша «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Ш.Асланов қатысып қайтты.
      2011 жылдың 26 ақпанында Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру және шешендік өнерді жандандыруда аудандық «Қанекей, тілім сөйлеші!» атты байқауда колледж оқытушысы Мұсабаева Баян ІІІ орынды иеленді.

      Колледж тарапынан әрі колледж басшысының қолдауымен тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға және жетім балаларға көптеген қолдаулар көрсетілуде, бірқатар студенттерге жеңілдіктер берілді. Атап айтар болсақ: Абдулхакова Гулнар «мейірбике ісі» мамандығының ІІ курс студенті 50%, Алимова Гулжайна «мейірбике ісі» мамандығының ІІІ курс студенті 50%, Ташпулатова Гулнара «емдеу ісі» мамандығының І курс студенті 30%, Наримбетов Баходир Фармация мамандығының ІІ курс студенті 50%, Данабекова Жансая «мейірбике ісі» мамандығының ІІ курс студенті 10%, Юлдашева Перизат Мейірбике ісі мамандығының ІІ курс студенті 50%, Бекзатова Мөлдір «мейірбике ісі» мамандығының ІІ курс студенті 50%, Тузелбаева Бахытжамал «мейірбике ісі» мамандығы ІІІ курс студенті 10%, Тажиева Мафтуна «емдеу ісі» мамандығының ІІІ курс студенті 100%, Ережеп Ордабек «емдеу ісі» мамандығының IV курс студенті 10%, Төлбасиева Мадина «мейірбике ісі» мамандығының IV курс студенті 70%, Нурланұлы Бақдәулет «емдеу ісі» мамандығының ІІІ курс студенті 10%, Худиярова Сарвиназ «мейірбике ісі» мамандығының ІІ курс студенті 20%, Абдурахманов Нуршад «емдеу ісі» мамандығы 50%, Күмісбек Кадіржан «Автомобиль көлігін жөндеу және қызмет көрсету техник-механигі» мамандығының ІІ курс студенті 10%, «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» 201 топтың студенті Маханов Марат Мұратұлына 50% «Мейірбике ісі» мамандығының 302 тобының студенті Рахматова Айсұлуға 100%, «Мейірбике ісі» мамандығы 103 тобының студенті Турсунова Динара Бахтияровнаға 40%, «Автомобиль көлігін жөндеу және қызмет көрсету техник-механигі» - 101 топ Турсынов Руслан Бахтияровичке 100%, 102-фармация тобының студенті Курбанкулова Барноға 35%, 201-тех-программист тобының студенті Слам Бақытжанға-45%, 301-емдеу ісі тобының студенті Алишерова Алинаға 35%, 301-акушер тобының студенті Аликулова Жансаяға 25%, «мейірбике ісі» 404-тобының студенті Тохтаназарова Сарвинозға 55%, «Мейірбике ісі» мамандығының студенті Хайдарбекова Шахсанам Мамуржанқызына 100%, «Мейірбике ісі» мамандығының ІІІ курс студенті Карпек Айданаға 50%, «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» мамандығының 2 курс студенті Дауылбай Сабираға 40%, «Емдеу ісі» мамандығының студенті Тасшабай Ержігітке 60%, «Емдеу ісі» мамандығының студенті Зүпаралы Назерке 60%, «Акушер» мамандығының студенті Утегенова Ақжүніске 45% көлемінде жеңілдіктер берілді. 2017-2018 оқу жылына қабылданған талапкерлердің оқу төлем ақысына жаппай 10%-дық жеңілдік педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілді.
      Қоғамдық іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарда бой көрсеткенді жөн көретін колледж әкімшілігі мен колледж студенттері Сайрам ауылындағы жетім балалар үйіне қаржылай және заттай көмек көрсетіліп, тағдыры тәлкіге ұшыраған зағип жандарға демеушілік жасалып тұрады.

      Ерен еңбек әр кез өз деңгейіндегі мақтау мен марапатқа лайықты. Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына орай «Ел болашағы - интелектуалды ұрпақта» атты колледждер арасында ғылыми тәжірибелік конференция өткізілді. Қонференцияға Қазақстан Халықтар Достығы университетінің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы, бірнеше ғылым кандидаттары, Түркістан қаласының Достық колледжінен, Сарыағаш қаласының Арыстан баб колледжінен, Сайрам медициналық колледжінен т.б. көптеген аудандық колледждерден оқытушылар қатысты. Ақсукент көпсалалы колледжінің барлық оқытушылары конференцияға ғылыми жұмыс дайындап, еңбектері жинаққа енді. Конференцияға қатысқан оқытушылар облыстық Білім Департаментінің мақтау қағазымен марапатталды. Олар: Куатбекова Р, Анетбекова Г, Абдрасилова Б, Казибаева, Идрисова Г. Ғылыми конференцияның өтуіне ерекше үлес қосқан, ұйымдастыру қабілетін танытқан колледж директоры Қуатбекова Карамат Пердешқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жиенбекова Жансулу, әдіскер Қабылбеков Амангелді, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Тұрсынқұл Сәуле облыстық білім басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталды.
      Студенттердің терең білім алуын ынталандыру мақсатында колледж қабырғасында түрлі пән олимпиадалары, интелектуалды ойын байқаулары мен марафондар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мәселен 13 наурыз күні колледж әдіскері А.Қабылбековтың және бөлім меңгерушісі С.Тұрсынқұлдың ұйымдастыруымен «Жаратылыстану және клиникалық» пәндер бірлестігі оқытушыларының жетекшілерімен «Экологияны сақтау – адам денсаулығын ұзартудың кепілі» атты ғылыми шығармашылық конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: студенттерді ғылыми ізденіс жұмыстарына баулу арқылы білімдерін тереңдету, сапалы маман даярлау. Конференцияға 20-дан аса студент қатысты. Олар қоршаған ортаны танып білу, Қазақстандағы экологиялық мәселелер, қазіргі таңдағы түрлі аурулардың алдын алу жайлы тың жобалар жасалды. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар бірнеше студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды: олар «Мейірбике ісі» мамандығының 401-топ студенті Абатаева Азиза – жетекшісі Жакипова Ж, «Мейірбике ісі» 301-топ студенті Кадиркулова Шахло – жетекшісі Утубаев Б, «Мейірбике ісі» 201-топ студенті Сабыралиева Жайнагул, Назарова Меруерт – жетекшісі Азимханова У.

      2013-2014 оқу жылында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай педагогикалық өтілімі 10 жылдан жоғары, білім саласына еңбегі сіңген бірнеше оқытушы педагогикалық кеңестің шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталуға ұсынылды. Колледж ұжымының қолдауымен дауысқа салына отырып қаулы шығып, төмендегі оқытушылар марапатталды: К.П.Қуатбекова, Ж.Жиенбекова, Л.Саметов, С.Тұрсынқұл, М.Құлсеитов.
      2013 жылдың 19 қарашасында колледж директоры Қуатбекова Карамат Пердешқызының 70 жылдығына орай «Білім мен тәрбиені және кәсіби маман дайындауды сапалы дамытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен ғылым докторлары мен кандидаттары келіп қатысты. Конференцияда облыстағы жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, колледждер мен мектеп оқытушылары өз тәжірибелерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты. Конференция барысында Қуатбекова Карамат Пердешқызына көптеген құттықтаулар мен мадақтамалар тапсырылды. Атап айтқанда, Ресей Жаратылыстану ғылымдары Академиясының профессоры және Ғылым мен білімге еңбегі сіңген құрметті қызметкері атағы берілді.

      2013 жылдың 18-21 желтоқсан аралығында колледждегі техникалық мамандықтар бөлімі кезекті аттестаттаудан нәтижелі өтті.
      Шығармашылықпен, ғылыми ізденіспен айналысатын ұстаздарымыздың шәкірттері де колледж туын желбіретуде. Екі жақты ізденіс пен талаптың арқасында колледж ұжымы білімнің биік белесінен көріне білді. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжіндегі «Шығармашылық ізденістер, жаңару бағыттары» тақырыбындағы аймақтық ғылыми тәжірибелік конференцияға колледжден 9 студент қатысты. Олардың ішінен бірқатары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Абдисаматов Темурхан – жетекшісі Асланов Бауыржан, Қалмырза Гүлжан – жетекшісі Тұрсынқұл Сәуле, Әзірхан Гүлнур – жетекшісі Туимбетов Нурбол, Қайнарова Улдана – жетекшісі Анетбекова Гулжанат, Хусеинова Аякөз – жетекшісі Абдрасилова Ботакөз.
      Ғылымға, білімге, ел экономикасының дамуына үлес қосқан, ерекше қажеттіліктері бар жандарды демеу, Қазақстанда отбасы институтын қолдау мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына Сайрам ауданы атынан Қуатбековтер отбасы қатысып, облысы әкімі А.Мырзахметовтың атынан марапатқа ие болды.
      2014 жылы 12 сәуір «Ғылыми қызметкерлер» күні мерекесіне орай, колледж студенттерінің арасында «ХХІ ғасыр – білім және ғылым, жаңа инновациялар ғасыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, мұнда студенттер өз ғылыми ізденістерімен, жаңа жобаларымен көпшілік ғалымдардың көңілінен шықты.
      Мемлекетіміздің алға қойып отырған ең бірінші мәселесі жастарды білімге, ғылымға тарту, осыған орай 2014 жылдың 26 қарашасында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында «Білім және ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» тақырыбында аймақтық ғылыми тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға 70-тен астам студент ғылыми жетекшілерімен қатысып, 4 секция бойынша ғылыми жұмыстар талқыланды.
1. Медицина бағыты;
2. Жаратылыстану ғылымдары;
3. Техникалық-ақпараттық технологиялар;
4. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар.
      2015 жылдың 25-27 ақпаны аралығында колледж студенттері арасында колледжімізде тұңғыш рет пән олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең – тест негізінде ұйымдастырылды, оған 60-тан астам студент қатысты. 2-кезеңге 50 баллдан жоғары ұпай жинаған студенттер өтті. 2-кезең Химия, Биология, Физика пәндері бойынша ауызша сұрақ-жауап негізінде студенттердің білімі таразыланды. №93 Абылайхан орта мектебі, №92 Ақсу орта мектебі, №28 Ақбай орта мектебі, №47 орта мектеп және №20 С.Сейфуллин мектеп-гимназиясының оқушылары олимпиадаға белсене қатысты. Сондай-ақ олимпиадаға көршілес аудандардан атап айтсақ, киелі Қазығұрт ауданынан Жетпісбев Санат есімді студент қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған оқушыларға колледж директоры К.П.Қуатбекова Ақсукент көпсалалы колледжіне білім алуға жеңілдіктер қарастырды, бас жүлдеге 100% , І орын – 50%, ІІ орын -30%, ІІІ орын -20%.
      Колледж директоры Куатбекова К.П. – Швейцарияның Женева қаласында «Бизнес және басқарма» INSAM институтында 16-20.03.2015 жылы аралығында өткен Халықаралық конференцияда «Золотая Сова» құрмет сыйлығына ие болды.
      2015 жылы Сайрам аудандық мәслихатының 26 наурыздағы № 42- 278 /V сессиясының шешімімен К.Қуатбековаға «Сайрам ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
      2015 жылы «Сала көшбасшысы – 2015» ұлттық сертификатының иегері атанды. Осы жылы «Үздік басшы - 2015» номинациясының иегері болды.
      Колледж директоры К.Қуатбекова 2016 жылы «Еуразиялық Одақ мемлекетінің Құрметті азаматы» орденімен және мадақтамасымен марапатталды. Сондай-ақ колледжіміздің ұстаздарына С.Досболқызымен, Р.Ермуханбетоваға «Еуразиялық Одақ мемлекетінің құрметті азаматы» төсбелгісі табыс етілді.
      2015 жылы 24-27 қараша аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрайымының 2014 жылғы 26 маусымдағы №445 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес «Ақсукент көпсалалы колледжі» жеке мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді.
      Колледж тарапынан аттестация жұмыстары жүзеге асып, төмендегі медициналық мамандықтар бойынша жүргізілді: «0302000-Медбикелік іс», «0301000-Емдеу ісі», «0306000-Фармация». Аттестаттау барысында білім алушылардың білім деңгейі жоғары көрсеткішті көрсетті.
      2016 жылы 16 ақпанда Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай аудандық «Кәнеки, тілім, сөйлеші!» атты шешендік өнер байқауына колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Асланов Бауыржан қатысып, жүлделі І орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.
      2016 жылдың 14 сәуірінде колледжіміздің 10 жылдық мерейтойына және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жаһандық бәсекелестік жағдайындағы білім беру жүйесі: мәселелері, басымдықтары даму болашағы» атты облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференция барысында Оңтүстік Қазақстан облысы Білім Басқармасының басшысы Қ.Құлажановтың Алғыс хатымен төмендегі колледж мұғалімдері марапатталды: К.Қуатбекова, Р.Ермуханбетова, С.Тұрсынқұл, Б.Абдрасилова, Г.Анетбекова, Н.Туимбетов, Х.Казибаева, Б.Асланов.
      2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай колледж директоры К.Қуатбекова «Qurmet-AB» бірлестігінің «Тәуелсіздікке 25 жыл» медалімен марапатталды. Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына Жастар саясаты департаментінің директоры Ғ.Оспанқұлов колледж директорын және колледж ұжымын білім саласындағы адал еңбегі мен ұрпаққа сапалы білім бергені үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
      ҚР «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ұйымдастырылуына орай Республикалық «Дарын-2017» байқауында колледжіміздің 202-топ «Мейірбике ісі» мамандығының студенті Зупарәлі Назерке қатысып, колледж директорына Индира Расылханның атынан өнер саласының дамуына үлес қосып, өнерлі шәкірт тәрбиелегені үшін К.Қуатбекова «Алғыс хатпен» марапатталды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімі аудандағы түрлі іс-шараларға белсене араласқан оқытушылар мен белсенді жастардың марапаттауына колледжімізден Жастар ұйымының төрағасы Б.Асланов марапатталды. Жалпыға ортақ еңбек – бәрін жеңбек» тақырыбында өткен аудандық форумда ІІІ курс «Емдеу ісі» мамандығының студенті Тасшабай Ержігіт Нуралыұлы «Үздік жас ерікті студент» номинациясын жеңіп алды. Республикалық «Өрлеу» орталығының интелектуалдық сайысынан Идирисова Гулжазира І орынды иеленді.
      2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Үздік директор-2018» атты Республикалық байқауының материалдар жинағына колледж директоры К.Қуатбекова «Білім саласына қосқан үлесім» атты мақаласы жарияланып, «Үздік директор-2018» атағына ие болды. «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін» ҚР Білім және Ғылым министрі Е.Сағадиевтің атынан «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығының директоры Н.Ерболатұлы атынан «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегіңіз үшін» «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
      Түркістан облысының білім басқармасы әдістемелік орталықтың басшылығымен 12-13 қараша 2018 жылы «арнаулы оқу орындарының студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы аудандық семинар кеңесі өтті. Семинардың мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің педагогтарының кәсіби денгейін көтеру, озық тәжірибелерін тарату, мектеп пен колледж аралық кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету. «Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары мазмұны мен ынталандыру әдістері», «Өмірлік таңдау, мамандық таңдау жобасы – кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жолы», «Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және өмірлік дағдыларын қалыптастыру», «Педагог пен студент арасындағы қарым-қатынас» А.Асылбекова, Ж.Дүйсенбаева орталық кітапхана әдіскері жүргізді. Семинарға Сайрам ауданының колледждері мен мектептерінің әдіскерлері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, топ жетекшілері қатысты. Колледждің жетістіктерін көріп, танысып шықты.
      Колледж директоры К. Қуатбекова Қазақстан педогогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде қолға алынған «100 жаңа есім» жобасы аясында жарық көрген «Білім беру саласындағы үздік есімдер» антологиясына енген.
      2020 жылы мамыр, маусым айларында Ақсукент көпсалалы колледжі Акредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық Орталығы мекемесі атынан 5 жылға Институтционалдық акредиттеуден өтті.
      Қуатбекова Карамат Пердешқызының 75 жылдық мерейтойына орай «Сәулелі ғұмыр» эссе-дерек кітабы жарық көрді. 2021 жылы әр аймақтың шоқжұлдызындай болып, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беріп келе жатқан асыл жүректі жандар туралы «Қазақстаннның Алтын кітабы» энциклопедиясына жарық көрген болатын. 2021 жылы «Эдельвейс-Астана» баспаханасының «Қазақстанның үздік әйелдері» атты жинаққа «Білім шамшырағын жаққан жан» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді. Колледж басшысы К.Пердешқызының ұстаздық жолдағы еселі еңбегі бағаланып, осы энциклопедияға енді.
      2020 жылы 6 қазанда мұғалімдер күніне орай Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевтың атынан жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі көп жылғы жемісті еңбектері үшін «Құрмет грамотасы» марапатына колледж директоры х.ғ.к. профессор Карамат Пердешқызы, директордың іс- тәжірибе жөніндегі орынбасары Б.Сагиндиков «Алғыс хат» алды. Колледжде білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар колледж басшысы атынан мерекеге орай марапатталды. Олар: Джавланов Зиеджан, Алиев Умиджан, Казибаева Хожаркүл, Абсадыкова Ұлтусын, Асланов Бауыржан.
      Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының 2020 жылғы 15 қазандағы 04/3068 санды хатына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жоспарына сәйкес «Саналы ұрпақ» жобасы негізінде ұйымдастырылған «Адал білім – болашақ кепілі» атты үздік эссе байқауына колледж студенттері Ж. Мұханбет, З. Рысқұлова, Ұ. Серимбетовалар қатысты.
      Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының 2020 жылғы 16 қазандағы №04/3083 санды хатына сәйкес Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 2020 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кешенді жоспары «Саналы ұрпақ» жобасы аясында мейірбике ісі мамандығының 4 курс студенті Мұханбек Жансая, емдеу ісі мамандығының 4 курс студенті Имамов Рузимат «Адал бол» бейнеролигін түсіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендіктерін көрсетті.
      16 Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Р. Жолаевтың атынан фармация мамандығы оқытушысы Жакупова Балтакуль «Құрмет грамотасы» және де қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Асланов Бауыржан «Алғыс хат» марапатына ие болды.
      Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған Республикалық «Абай әлемі» байқауында колледж оқытушысы Тіленбаев Әлжан Абай мұрасын насихаттағаны үшін «Құрмет грамотасы», шәкірті С.Эшматов II дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2021 жылы наурыз айында өткен Республикалық «Білімдіден шыққан сөз» атты байқауда колледж студенті Мұханбет Жансая Төлегенқызы І орынға ие болды. «Қайрымдылық – ізгі іс» тақырыбындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес колледжіміз «Саналы ұрпақ» кеңсесінің мүшелері сондай-ақ «Еріктілер» клубы мүшелері қайырымдылық акциясына қатысты. «Sanaly Urpaq» кеңсесі мүшелері Түркістан қаласында ұйымдстырылған облыстық ерікті студенттік клуб мүшелерінің слетіне қатысып, сертификатқа ие болып қайтты.
      Колледжіміздің бітіруші түлектері Астана, Алматы қалаларында, облыстық орталық ауруханалар мен емханаларында жұмыс істеп, еліміздің денсаулық сақтау саласына өз үлестерін қосып, бәсекеге қабілетті заманда бәсекеге қабілетті маман болып, колледжімізде алған білімдерін ел игілігі жолында жұмсауда. Атап айтар болсақ, колледж түлегі Тасшабай Ержігіт Нұралыұлы елордамыз Нұрсұлтан қаласындағы «Инфо Киа» атты гемодиализ орталығында жұмыс істеуде және «Емдеу ісі» мамандығының түлегі Бекетов Ибраш Ақбұлақ ауылына қарасты Жедел жәрдем бөлімінде жұмыс атқарып келеді, сондай-ақ Абдиганиев Гиес Сабиржанович «Еселі еңбегі үшін» «АЛТЫН ДӘРІГЕР» медалімен марапатталды.
      Колледждегі кәсіби іс-тәжірибе оқыту үдерісінде теориялық білімді тәжірибеде қолдану дағдысының қалыптасуын, теориялық білімді бекітуге сонымен қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған. Теориялық біліммен тәжірибені ұштастыру мақсатында екі жақты келісім шарт жасалып, білім алушылар Сайрам аудандық орталық ауруханасы мен емханаларында, Қарабұлақ ауылдық орталық ауруханасы, «Дента-Нұр» емханасы, «Ақ тілек», «Ақниет», «Еврофарм», «Ник» дәріханаларында іс-тәжірибеден өтіп, біліктілік танытқан студенттер жұмыспен қамтылуда.
      «Бейбарыс Газ», «Оңтүстік Жарық Транзит», «ЯНС» ЖШС мекемесінде техникалық мамандықта білім алушыларымыз өндірістік іс-тәжірибеден өтеді. Колледжде студенттерге сапалы білім беру, теория мен тәжірибені ұштастыру жүйелі жолға қойылған.
      ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15-қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні болып өтті. Мақсаты – білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығына сәйкес бекіту.
      Қатысушылар:
      -қамқорлыққа алған кәсіпорындар
      -мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар
      -жергілікті атқарушы органдар
      -Атамекен өңірлік кәсіпкерлер палатасы
      -жұмыс берушілер қауымдастығы
      -жұмыспен қамту орталығы
      -бұқаралық ақпарат құралдары
      -мектеп директорлары
      Іс-шара барысында колледждің оқу базасымен, оқу кабинеттерін, шеберханаларды аралап көріп колледждің тыныс-тіршілігімен танысты. Колледждің қысқаша тарихын, техникалық мамандықтардың жұмысын, практика базасындағы тәжірибелерін слайд арқылы бөлім басшысы А.Қазибаева қысқаша баяндап өтті. Мәжіліс соңында екі жақты меморандум түзіліп, келісім шартқа қол қойылды.
      Колледждің белсенді спорт сүйер жастары аудан аралық, облыстық түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып отырады. Атап өтетін болсақ 14.12.2022 жылы колледждер арасында ұйымдастырылған «Толағай сайысында» Барыс командасы колледжіміздің атынан қатысып, жүлделі орынға ие болды.
      Колледжде жоспарға сай тиісті ашық сабақтар мен түрлі іс-шаралар, апталықтар, семинарлар, тренингтер өткізіліп тұрады.
      02.11.2022 жылы «Мейіргер ісі» мамандығының 4 курс студенттері арасында реабилитация пәнінің мұғалімі Рано Фархадовнаның ұйымдастыруымен «Мейірімді мейірбике» атты тартысты сайыс сабақ өтті. Сондай-ақ Клиникалық пәндер бірлестігінің жетекшісі Қарабекова Жадыра «Фармация» мамандығының студенттерімен түрлі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырып, теорияны тәжірибемен ұштастырып келуде.
      Колледж оқытушыларының білім саласындағы еңбегі еленіп жыл сайын аудандық, облыстық, республикалық марапаттармен марапатталып отырады.
      Еліміздің ертеңі, болашағы, тірегі – жалындаған жастар, олай болса дені сау ұрпақ тәрбиелеуге бүгінгі күннен көңіл бөлгені дұрыс. Білім саласында 50 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан колледж директоры, химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары Академиясының профессоры, Ресей Жаратылыстану ғылымдары Академиясының білім мен ғылымға еңбегі сіңген қызметкері, Сіңірген еңбегі мен жетістігі үшін төсбелгісінің иегері, «Золотая Сова» құрмет сыйлығының иегері, Сайрам ауданының «Құрметті азаматы», «Лидер отрасли-2015» атығының иегері, Еуразиялық Одақ мемлекеттерінің Құрметті азаматы К.Қуатбекованың ұстаздық жолдағы тағылымы мен ел экономикасының дамуы, білім және ғылым саласындағы көп жылдық жемісті еңбегі бағаланып Құрмет грамотасы, Алғыс хаттар, диплом, мадақтамалармен марапатталды. Тағы да басқа марапаттарын атап өтсек, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев «Білім саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпаққа сапалы білім бергеніңіз үшін» Алғыс хатымен, 2020ж;
      Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы А.Б.Елшиева «Ел болашағы – интеллектуалды ұрпақта» атты конференциясына қатысқаны үшін, 2010ж;
      Сайрам аудандық мәслахат хатшысы Т.Төлендиев «Халықаралық әйелдер күніне орай және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, қоғамдық саяси өміріне белсене арласқаны үшін» 2009ж;
      Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.Мырзахметов «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде қатысқаны үшін, 2018ж;
      Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы Т.Төлендиев «Сайрам ауданының 80 жылдығына іс-шараға белсене үлес қосқаны үшін» 2017ж;
      «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Сәдібеков «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, бірлесе отырып алға қойған жұмыстарды ортақтасып ауызбіршілік танытқаны үшін;
      Ақсукент ауылдық округі әкімі У.Букуров «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесімен» 2011ж;
      Сайрам ауданының әкімі Ә.Тұрғынбеков «Сізді 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі шын жүректен құттықтаймын! Ауданың қоғамдық –өміріне белсене араласып эканомикасы мен әлеуметтік дамуына үлесіңіз бен көп жылғы жемісті еңбегіңіз» үшін 2017ж;
      Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен» 2018 ж:
      Н.Ә.Назарбаев атынан «Жас болашаққа сапалы білім бергені үшін», Алсем-Астана ғылыми әдістемелік орталығының директоры Қ.Ғ.Жұмақасымова «Мемлекеттік тілді дамыту жолындағы жанашырлығыңыз үшін жастардың біліктілігін арттыруға деген қамқорлығыңыз үшін»;
      Президент х.ғ.д.академик Ә.М.Қуатбеков «Жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ерекше қызметі және ғылыми –әдістемелік, шығармашылық жұмыстардағы елеулі жетістіктері үшін» 2010ж;
      «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Президенті Е.Елеукен «Бүгінгі Қазақша КВН жастары – ертеңгі Қазақстанның болашағы! Сізге аталған іс-шараға команданың қатысуына ықпал етіп, Қазақша КВН ойындарының дамуына үлес қосып жатқаныңыз үшін» 2010 ж, т.б. марапаттары мен жеткен жетістіктері көп деп сеніммен айта аламыз.
      Ақсукент көпсалалы колледжі – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені.
      Ақсукент көпсалалы колледжі – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де жас талапкердің басым көп бөлігі осы оқу орнына таңдауы түседі.
      Қазіргі таңда оқу орны студенттеріне білім алуға барлық мүмкіндікті беріп отыр. Ал оны санасына тоқып, колледж деңгейін көтеру – студенттердің қолында демекпіз.
      Колледж студенттері мен ұстаздарына, колледж басшысына толағай табыс, озат шәкірт, білімі мен білігі ұштасқан байрақты бәсекелерде үздіктердің үздігі болып таныла бергейсіздер деген тілек білдіреміз!
11 апрель 2023 г. 381