ru kz

№1 в Казахстане



Құрметті оқырман!


     «Эдельвейс» баспа үйі құрылған күннен бастап кітаптар мен журналдарды жарыққа шығарып, халыққа танымал болғанын мақтанышпен айта аламыз. Елімізге танымал қоғам қайраткерлері, белгілі бір салада жетістікке жеткен кәсіпкерлер, қарапайым еңбек адамдары, таңғажайып тағдыры бар отбасылар, дарынды ұл-қыздарымыз – біздің басылымның басты кейіпкерлері атанып жүр.

     Біздің басылымдардың құндылығы – басылымға шыққан кейіпкерлеріміз  күллі Қазақ еліне танымал болып, мәртебесін биіктей  түсетіні хақ. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген бар емес пе?! Біздің басылым өмірі өнегелі азаматтарды халыққа танытуды мақсат етеді.

     «Қазақстанда №1» деп аталатын жаңа журналымыз қалың  оқырманға ұсынылады. Журналда руханият және мәдениет саласы, білім беру мен денсаулық, өндіріс пен кәсіпкерлік, ел экономикасы,  халыққа қызмет көрсету, өнеркәсіп  ауыл шаруашылығы  тақырыптары кеңінен  қамтылмақ.

Журналдың мақсаты – рухани жан дүниесі бай, өмiрдегi орны мен деңгейiн жоғары, халқы үшін терең білім, ақыл-парасатын  тектілікпен жұмсай білетін, халқымыздың ұлағатты ұлы ретінде ел мәртебесін асқақтатып жүрген, сабырлы мінез, сырбаз қалпынан, қарапайымдылығынан айнымайтын, адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы, озық ойлы  ер-азаматтарымыздың ерен еңбегін насихаттау. 

     Бүгінгі қоғамда да әйелдер қауымының мойнына артылар жүк осал емес. Өз ұрпағының емес, алдымен елдің қамын ойлаған, кемел келешектің кепілі – өскелең ұрпақтың тәлімді тәрбиесі үшін бар ғұмырын арнап жүрген, жасаған тірлігінде нағыз бәсекеге қабілетті, ұлтының бір кәдесіне жарайтын кемел сипат айқын аңғарылатын нәзік жандылардың өлшеусіз еңбегін мақтанышпен халыққа таныстыру – журналдың алдында тұрған басты міндет.

     «Қазақстанда №1» журналының алғашқы басылымына еніп, біздің басты кейіпкеріміз болуға асығыңыздар!

04 май 2019 г. 2 188