ru kz

Лучше всех


«Орда» баспа үйі құрылған күннен бастап түрлі кітаптар мен журналдарды жарыққа шығарып, халыққа танымал болып келеді.

Дарынды жастар – ұлт болашағы. Елбасы Н.Назарбаев «Мен жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деп жастарға үлкен сенім артты. Жас өрендер білімді, тәрбиелі болса – еліміздің ертеңі мықты болады.

«Жүзден жүйрік» деп аталатын жаңа жинағымыз қалың оқырманға ұсынылады. Жинақта білім сайыстарында жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шығып, өздерінің бәсекеге қабілеттіліктерін танытып жүрген, ерекше қабілетімен танымал болған жас өрендеріміз жайлы жазылады.

Жинақтың мақсаты – талантты, дарынды, ізденімпаз, бәйгенің алдын бермес жеңімпаз, жаңашыл жас жеткіншектерді Қазақ еліне таныту.

11 март 2019 г. 7 955